Қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл
1 минута чтение

Қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл

Қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жобалар қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл – тұрғындардың өз ауласын, көшесін, жалпы ауданды өздері қалағандай етіп өзгертуге берілген тамаша мүмкіндік. Соның арқасында аулалар жаңартылып, саябақтар салынып, тұрғындарға қолайлы орта құрылып жатыр. Соның бірі — Шұғыла шағынауданында бой көтеріп келе жатқан жаңа қоғамдық кеңістік. Мұнда серуендеуге арналған жол, балалар мен спорт, жаттығу алаңдары салынады. Автоматты суару жүйесі, жарық шамдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері де қарастырылған. Сондай-ақ, Алма-Сити тұрғын үй кешенінде 12 ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындардың өтініші бойынша бұл жерлерде заманауи балалар алаңдары, спорттық құрылғылар қарастырылған. Бұл, расында, көптен күткен өзгеріс. Ал №200 мектептің алдында балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын және спорт алаңдары жаңартылып жатыр. Шын мәнінде, бұл жобалар – жай ғана ауланы көркейту емес, бұл – аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, бос уақытты тиімді өткізуге, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуіне бағытталған нақты қадам. Бастысы, бұл тұрғындардың идеясы, қалауы. ______ В нашем районе активно продолжается реализация проектов в рамках программы «Бюджет народного участия» — когда сами жители определяют, каким они хотят видеть свой район. Это реальный инструмент, с помощью которого преобразуются дворы, парки и общественные пространства. Сегодня такие преобразования можно наблюдать в микрорайоне Шугыла, где создается новое общественное пространство с прогулочной зоной, спортивными и детскими площадками, а также тренажерами под открытым небом. Также, здесь будет установлена система автополива. Предусмотрено освещение, удобные скамейки и урны — всё для того, чтобы место стало комфортным и безопасным для отдыха всей семьей. Параллельно идут работы и в жилом комплексе “Алма-Сити”, где благоустраиваются сразу 12 дворов. Здесь появятся современные детские площадки, зоны отдыха, спортивные элементы — то, чего так не хватало жителям.