“Қазақтарда уақыт жоқ, кіреміз де шығамыз”: Жас спортшының жылдамдығы әлем назарына ілікті Желіде @03.batya есімді қолда…
“Қазақтарда уақыт жоқ, кіреміз де шығамыз”: Жас спортшының жылдамдығы әлем назарына ілікті Желіде @03.batya есімді қолданушы жариялаған бейнежазба қызу талқыланып жатыр. Онда қазақстандық спортшы штурм сатысымен өрмелеу жарысында ерекше жылдамдық пен ептілік танытқан. Бір сәттің ішінде қабырғаға атылып, жоғары қабатқа көтерілген сәті жұрттың назарын аударды. Бұл жарыс – өрт-құтқару спортының бір түрі. Қатысушылар арнайы саты арқылы мұнараның терезесіне дейін мүмкіндігінше тез көтерілуге тиіс. Желі қолданушылары спортшының өнеріне риза болып: – «Бізде қазақтарда уақыт жоқ, кіреміз де шығамыз», – «Қазағыммен ойнамасын», – «Не деген батылдық», – деп пікір қалдырған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазақ жастарының табандылығы мен рухы – елдің дамуы мен беделінің басты кепілі. Мұндай жетістіктер – соның айқын дәлелі. Қазақстан спортшылары халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық рухты асқақтатып келеді. 🎥: @03.batya (TikTok)
