Қазақстан әлемдік таланттар картасында ТОП-34-ке енді! 2025 жылғы 9 қыркүйекте IMD Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік ор…
Қазақстан әлемдік таланттар картасында ТОП-34-ке енді! 2025 жылғы 9 қыркүйекте IMD Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік орталығы жариялаған IMD World Talent Ranking 2025 рейтингінде Қазақстан 34-орынға тұрақтады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 саты жоғары көрсеткіш. Аталған рейтингке 69 ел қатысып, адам капиталының дамуы, тартымдылығы және біліктілік деңгейі бойынша бағаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру мен адами капиталды дамытуға басымдық беруі Қазақстанның «Инвестициялар және даму» көрсеткіші бойынша 20-орынға көтерілуіне әсер етті. Әйелдердің жұмыс күшіндегі үлесі 51,5%-ға жетіп, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 3-орынды иеленді. Сондай-ақ бастауыш және орта білім беру салаларында мұғалім мен оқушы қатынасы жақсарып келеді. «Тартымдылық» және «Дайындық» факторлары бойынша да бір сатыға жоғарылап, тиісінше 45 және 43-орындарды иелендік. Әлемдік рейтингте алғашқы орындарда Швейцария, Люксембург, Исландия және Гонконг сынды елдер тұр. IMD сарапшылары реформалар мен инвестициялардың адам капиталын дамытудағы шешуші рөлін атап өтіп, Қазақстанның алдағы жылдары да бұл салада ілгерілеу мүмкіндігі жоғары екенін жеткізді.
