Қазақ халқының көрген қиындықтары — бүгінгі тыныштық пен тұрақтылықтың негізі Талай заман көк пен белдің тітіркенгеніне,…
Қазақ халқының көрген қиындықтары — бүгінгі тыныштық пен тұрақтылықтың негізі Талай заман көк пен белдің тітіркенгеніне, небір зұлматтарда елдің сеңдей соғылғанына, көшпелі жұрттың мұнар күнді басынан кешкеніне ұшы-қиыры жоқ Ұлы дала куә. Оның топырағын мекендеген қазақ халқы ауыртпалықтың бәрін еңсеріп, еш мойымастан бойы биік, еңсесі тік, рухы мықты елге айналды. Жұртымыз керек кезде дана болғанын, жыртылғанға жаға болғанын, жығылғанға пана болғанын күні бүгінге дейін өзінің ерлігімен, түрлі шешімімен, бейбітшілікке деген ұмтылысымен дәлелдеп келеді! Заман көшінен қалмайтын, жаңару мен жаңғырудың символына айналған, ірі бастамалар мен жаһандық құбылыстардың дәл ортасында жүретін Қазақстанды қазір бар әлем біледі, мойындайды. Еркін елдің ең қастерлі мейрамы — Республика күні құтты болсын!
