“Мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті”: Тоқаев ардақты ұстаздарды ұлықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды келе жа…
“Мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті”: Тоқаев ардақты ұстаздарды ұлықтады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел болашағындағы орны ерекше екенін атап өтті. Ол мұғалім – балаға жол көрсететін, тәрбиенің, білімнің бастауы екенін айтып, ұстаз еңбегінің ел дамуына қосқан үлесі зор екенін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы 5 жылда: 🔹️Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты; 🔹️1200 жаңа мектеп салынды, тағы 67 мектептің құрылысы жүріп жатыр; 🔹️Мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті; 🔹️Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Президент мемлекет балалардың сапалы білім алуына және ұстаздардың жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті.
