«Мен айтпасам, кім айтады?»: Тоқаев әлеуметтік қолдауды қайта қарауды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облы…
«Мен айтпасам, кім айтады?»: Тоқаев әлеуметтік қолдауды қайта қарауды тапсырды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында елдегі әлеуметтік саясатты қайта қарау қажеттігін айтты. Астанада 400 мыңдай адамның ешбір ресми есепке алынбай жүргенін атап өткен Мемлекет басшысы, бұл жағдай қаланың әлеуметтік жүйесіне үлкен салмақ түсіріп отырғанын жеткізді. «Қала бюджетінің 60 пайызы әлеуметтік көмекке жұмсалады. Бірақ бұл көмек шын мәнінде мұқтаж жандарға арналуы керек. Жұмыс істеуге қабілетті азаматтар еңбек етіп, өз отбасын, ата-анасын асырауға міндетті. Бұл – менің Жолдауымның негізгі өзегі. Мемлекет өз азаматтарын әрдайым қолдайды, бірақ әлеуметтік әділеттілік те басты орында болуы тиіс», – деді Тоқаев. Президент бұл мәселеде өзі толық жауапкершілік алатынын айтып, еңбекке жарамды азаматтарды белсенді болуға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, үкімет бұл саланы толықтай қайта қарап, көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттау жұмысын бастаған.
