Елордада ірі халықаралық ұйымның жаңа штаб-пәтері ашылды Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің …
1 минута чтение

Елордада ірі халықаралық ұйымның жаңа штаб-пәтері ашылды Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің …

Елордада ірі халықаралық ұйымның жаңа штаб-пәтері ашылды Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) штаб-пәтері ашылды, оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның жаңа кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты. Одан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді. Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердің жұмыс кабинеттерін, open space аймағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді. Іс-шара барысында Президент жиналған қауымға сөз сөйлеп, еліміздің дипломатия саласы қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.