Бүгін Наурызбай ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген шексіз алғыс пен өшпес құрметтің белгісі
1 минута чтение

Бүгін Наурызбай ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген шексіз алғыс пен өшпес құрметтің белгісі

Бүгін Наурызбай ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген шексіз алғыс пен өшпес құрметтің белгісі — Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл – тарих алдындағы тағзымның, ұрпақтар сабақтастығының және бейбіт өмір сыйлаған ерлерге деген риясыз ризашылықтың көрінісі. Салтанатты шараға аудан тұрғындары мен еңбек ұжымдары ерекше ықыласпен қатысты. Қадірлі ардагеріміз Леонид Никитович Подколзинді шын жүректен қарсы алдық. Жеңістің куәгерімен бірге аудандық қызмет өкілдері, мәслихат депутаттары, ұстаздар, дәрігерлер, мектеп оқушылары және белсенді жастар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ардагерлер аллеясы – жай ғана демалыс орны емес. Бұл – ұлт жадында мәңгі сақталатын ерлік рухының мекені, келешекке аманат. Ізгі ниетпен, құрметпен — Наурызбай ауданының әкімі Назира Асылбекқызы Сегодня в Наурызбайском районе мы торжественно открыли Аллею ветеранов — как символ глубокой благодарности и вечной памяти о подвигах героев Великой Отечественной войны. ⠀ С особым волнением мы приветствовали нашего дорогого ветерана, участника войны — Леонида Никитовича Подколзина. Вместе с ним цветы к памятному знаку возложили представители районных служб, депутаты, учителя, врачи, школьники и активная молодежь. ⠀ Это не просто мероприятие — это живая связь поколений, уважение к истории и искреннее признание тем, кто подарил нам мирное небо. ⠀ С теплом и уважением, Аким Наурызбайского района Назира Асылбековна