Алматы ипподромының аумағын құрылысқа беру туралы қауесетке қатысты «Тенгри Инвест» ЖШС-нің ресми мәлімдемесі Бірқатар б…
1 минута чтение

Алматы ипподромының аумағын құрылысқа беру туралы қауесетке қатысты «Тенгри Инвест» ЖШС-нің ресми мәлімдемесі Бірқатар б…

Алматы ипподромының аумағын құрылысқа беру туралы қауесетке қатысты «Тенгри Инвест» ЖШС-нің ресми мәлімдемесі Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желілерде Алматы ипподромының аумағында тұрғын үй кешені салынады деген ақпараттың таралуына байланысты «Тенгри Инвест» ЖШС ресми түрде бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. _«Тарихи ипподром аумағында ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ, сондай-ақ тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салу жоспары да жоқ. Ипподром бұрынғыдай жұмыс істеп тұр, онда ат спорты жарыстары өткізіліп, ұлттық спорт түрлерін дамыту ісі жалғасып келеді», – деді «Тенгри Инвест» ЖШС директоры Ержан Майлыбаев._ Алматы қаласы әкімдігі де бұл ақпараттың негізсіз екенін растады. _«Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, аталған аумақ ипподром ретінде бекітілген, ал оны бұзу жөнінде ешқандай рұқсат берілген жоқ», — деп хабарлады әкімдік._ Алматы ипподромы – тарихы терең әрі мәдени маңызы зор нысан болып қала береді. Мұнда дәстүрлі түрде еліміздегі ат спорты мен ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған ірі спорттық және қоғамдық іс-шаралар өткізіліп келеді.