Банк емес, халық жеңді! Алаяқтық несиеге нүкте қойылды! 2025 жылдың 5 қарашасында Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және да…
1 минута чтение

Банк емес, халық жеңді! Алаяқтық несиеге нүкте қойылды! 2025 жылдың 5 қарашасында Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және да…

Банк емес, халық жеңді! Алаяқтық несиеге нүкте қойылды! 2025 жылдың 5 қарашасында Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова азаматтардың келісімінсіз рәсімделген несиелер енді сотқа дейінгі тәртіппен кешірілетінін мәлімдеді. Егер несие биометриясыз және клиенттің қатысуынсыз алынған болса, азамат құқық қорғау органдарына өтініш береді, ал тергеу несиені алаяқтық деп таныса – банк берешекті автоматты түрде есептен шығарады. Агенттік деректеріне сүйенсек, соңғы екі жылда банктер 1400 адамға тиесілі 1500 несиені кешіріп, жалпы сомасы 1,9 миллиард теңге берешекті есептен шығарған. Бұл істердің басым бөлігі азаматтардың шағымдары негізінде қаралған. Бұл тетік ІІМ-мен бірлесіп әзірленген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы ұйымдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейту қажеттігін бұрын да бірнеше рет атап өткен. Енді алаяқтыққа жол жоқ!