Сейсмодатчиктердің деректері бойынша Қырғызстан аумағында Алматыдан 135 км қашықтықта оңтүстік батысқа қарай сейсмикалық…
1 минута чтение

Сейсмодатчиктердің деректері бойынша Қырғызстан аумағында Алматыдан 135 км қашықтықта оңтүстік батысқа қарай сейсмикалық…

Сейсмодатчиктердің деректері бойынша Қырғызстан аумағында Алматыдан 135 км қашықтықта оңтүстік батысқа қарай сейсмикалық оқиға тіркелді, ол халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп төндірмеді. Сейсмикалық оқиға туралы хабарлама автоматты түрде қалыптастырылды. Бұл хабарлама жүйенің тестілік-іс режимінде жұмыс істеуінің бір бөлігі болып табылады сондай ақ қате емес. Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының датчиктері мен жабдықтарын *MassAlert* жаппай хабарлау жүйесіне интеграциялау жұмыстары жалғасуда. Мамандар сейсмикалық станциялар мен датчиктерді зерттеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Халыққа жолданатын хабарламалар болашақта барынша нақты әрі *түсінікті* болуы үшін параметрлер мен алгоритмдерді нақтылау және баптау жұмыстары жүргізілуде. *Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті*