Енді «Интернет жоқ» деген сылтау өтпейді: 2027 жылға қарай халықтың 100%-ы жоғары сапалы байланысқа ие болады 2027 жылға…
Енді «Интернет жоқ» деген сылтау өтпейді: 2027 жылға қарай халықтың 100%-ы жоғары сапалы байланысқа ие болады 2027 жылға дейін елімізде халықтың 100 пайызы интернетке қол жеткізеді. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тен асады, ал талшықты-оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90 пайызына дейін тартылады. Министр мобильді интернеттің де сапасы мен қолжетімділігі артатынын айтты. 4G желісі елді мекендердің 92 пайызына дейін жеткізілмек. Ал 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалада орнатылып, сол қалалардың 60-75 пайыз аумағын қамтитын болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Цифрландыру – ел дамуының негізгі басымдығы”,- деген сөзі осы жоспарлардың мәнін айқындай түседі. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жұмыстар Қазақстанды толыққанды цифрлық қоғамға айналдыруға бағытталған.
