Кайрат – Реал: Бір матчпен Қазақстан әлемге танылмақ Алматы – әлем назарына ілінетін тарихи матч алдында. Қазақстандық «…
1 минута чтение

Кайрат – Реал: Бір матчпен Қазақстан әлемге танылмақ Алматы – әлем назарына ілінетін тарихи матч алдында. Қазақстандық «…

Кайрат – Реал: Бір матчпен Қазақстан әлемге танылмақ Алматы – әлем назарына ілінетін тарихи матч алдында. Қазақстандық «Қайрат» пен испандық алып клуб – «Реал Мадрид» арасындағы ойын тек футбол емес, тұтас ел үшін экономикалық, туристік және имидждік серпіліс болғалы тұр. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Көріпбаевтың айтуынша, Алматыға 4 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келеді деп күтілуде. Бұл – қонақүйлердің толып, мейрамханалардың қызу жұмыс істеп, көлік пен әуе рейстерінің жүктемесі артатынын білдіреді. Сарапшылардың есебі бойынша, бір ғана матч бюджетке 2-3 миллиард теңге шамасында пайда әкелмек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұндай халықаралық деңгейдегі оқиғалардың ел имиджін көтеріп, Қазақстанды жаһандық спорт картасына шығару үшін маңызды екенін бірнеше рет атап өткен. Оның бастамасымен елде туризм мен спортты дамыту – стратегиялық басым бағытқа айналып отыр.