Жеңістің 80 жылдығына орай Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимараты жанындағы амфитеатрда шынайы «майдан шебіндегі өмір» кө…
Жеңістің 80 жылдығына орай Наурызбай ауданы әкімдігінің ғимараты жанындағы амфитеатрда шынайы «майдан шебіндегі өмір» көрініс тапты – ән мен естеліктерге толы әсерлі кеш өтті. Сахна төрінде соғыс жылдарының жүрек тербеткен сүйікті әндері шырқалып, әр әуен бір сәтке ерлікке толы, ауыр кезеңдерге жетеледі. Қонақтар үшін далалық асхана ұйымдастырылып, жауынгер ботқасы мен ыстық шай ұсынылды. Бұл қарапайым дастархан – сол жылдардағы ортақ мейірімді, ынтымақты, бір тостағаннан дәм татқан жандар арасындағы бауырмалдықты сезіну мүмкіндігін сыйлады. Бүгінгі шараға қатысқан әрбір жанға шын жүректен алғыс айтамын. Батырлық – тек кітап пен кинода емес, ол біздің жүрегімізде, ісімізде, бір-бірімізге деген жан жылуымызда мәңгі сақталады. Құрметпен және шынайы ризашылықпен, Наурызбай ауданының әкімі Назира Асылбекқызы _____ В честь 80-летия Великой Победы у здания акимата Наурызбайского района, в амфитеатре, мы провели настоящий «фронтовой привал» — с песнями, воспоминаниями и душевным теплом. Со сцены звучали любимые мелодии военных лет — они тронули сердца и вернули нас в те годы, когда каждая песня была как письмо с фронта. А для всех гостей мы развернули военно-полевую кухню: горячая каша, чай и простая, но такая родная атмосфера — как в армейском котелке, где всегда хватало на всех. Я искренне благодарю всех, кто разделил с нами этот день. Пусть память о подвиге живёт не только в книгах и фильмах, но и в наших делах, песнях и тепле, которое мы передаём друг другу. С уважением и благодарностью, Аким Наурызбайского района Назира Асылбековна
