1,4 млрд теңге — су тасқынына қарсы қалқан: Президент ауыл тағдырына бейжай қарамады Солтүстік Қазақстан облысында су та…
1,4 млрд теңге — су тасқынына қарсы қалқан: Президент ауыл тағдырына бейжай қарамады Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында Үкімет Тепличное ауылындағы бөгетті толық жаңартуға 1,4 млрд теңге бөлді. Былтыр көктемде Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, ауылды су басқан болатын. Сол кезде төтенше жағдай жарияланып, бөгеттің ескі күйі апатты деңгейге жеткені анықталды. Енді нысан заманауи талаптарға сай қайта салынып жатыр: жаңа бетон плиталар төселіп, дренаж жүйесі мен жағалаулар күшейтіледі. Жаңартылған бөгет ең жоғары су деңгейіне төтеп беруге қабілетті болады. Бұл — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі су қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты орындалуының бір көрінісі. Айта кетейік, бүгінде еліміз бойынша 6 облыста су тасқынына қарсы 57 жоба іске асырылып жатыр, оның 40-ы толық аяқталған. Тепличное тұрғындары үшін бұл жаңалық — өткен көктемдегі қиындықтардың енді қайталанбайтынына нақты кепіл мен сенім болып отыр.
